Қақпақ орнына дөңгелек

Бүгінде Тараз қаласындағы ұрланған кәріз құдықтарының қақпақтарын қайта қалпына келтіру бағытында аз жұмыс жасалып жатқан жоқ,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Алайда бір жерді бүтіндеп жатсақ, екінші тұсынан олқылықтар орын алуда. Мәселен, Қойгелді мен Бейбітшілік көшесінің қиылысындағы қақпақтардың ізім-қайым жоғалып кеткеніне бірнеше жетінің жүзі болды. Алайда жол саласына жауапты мамандар үңірейген құдықтың бетін басқа қақпақпен жабудың орнына оған көлік дөңгелегін тығып қойғанына не дерсің?..

Comments (0)
Add Comment