Ақмола облысында Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көліктің кілті табысталды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревка жаңа пәтер мен көліктің кілтін тапсырды.

«Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз», – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Е.Маржықпаев чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал, оның жаттықтырушы Юрий Колесников 5 миллион теңге алды.

«Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын», – деп қунышымен бөлісті Давид Дегтяров.

Айта кетейік, Токио өтіп жатқан паралимпидада ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.

stan.kz

Comments (0)
Add Comment