Ақмола облысында ер адам ұрлап алған жылқысын үйде ұстаған. Астрахан ауданы, Петровка ауылының 47 жастағы тұрғыны жайылып жүрген жерінен үш бірдей жылқыны айдап әкеткен. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейін екеуін жайлауға жіберіп, біреуін үйде қалдырған. Мар ұрлаушыны тәртіп сақшылары қолға түсірді. Жылқының ізін қызметтік-іздегіш ит тауып келген.
Ұрлықшы миллион теңгеге жуық залал келтірді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Мал ұрлығы»), 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің сыбайластары туралы ақпарат тексерілуде.
Айта кетейік, биыл аймақта 150-ден аса мал ұрлығы тіркелген. Олардың үштен бірі ғана ашылған.