«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі

Қала тұрғындарының назарына!

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көрсетеді.
Бұл мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы www.elicense.kz ақпараттық жүйесіне электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті қағидада көзделген құжаттармен қоса жолдайды. Қызметтің көрсетілу мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны толығымен автоматтандырылған, яғни электронды түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттар тізбесі қажет:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде:
– көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
– жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
– кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
– өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патология- лық зерттеу материалдары;
– өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
– көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
– өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
2)инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:
– көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
– кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
– өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасылекпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
– өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
– көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
– өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі кезінде:
– көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
– жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
– өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
– өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
– көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
– өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:
– көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
– өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
– көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «Электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.

М.Молдағалиева,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті
дамыту бөлімшесінің басшысы

Comments (0)
Add Comment