+997: Қазақстанда телефон коды өзгермейтін болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстан +7 телефон кодын пайдалана беретінін айтты.

Асхат Оразбек бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында жаңа телефон кодына көшу бойынша ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде, Қазақстан +7 кодын пайдалана беруі мүмкін екенін айтқан еді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, телефон кодын өзгертуге өтініш беру Ресеймен арадағы келіссөз ерекшеліктеріне байланысты, ресейлік тарап алты ай ішінде келісімді бір жақты бұза алады.

Телефон нөмірі +997-ге өзгертуге бюджеттен бөлінетін шығын туралы Асхат Оразбек бұндай техникалық шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейтінін айтты.

+997-ге көшуге байланысты телекоммуникация желілерінде жабдықты қайта орнату және қайта конфигурациялау жұмыстары байланыс операторларының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі. Қазір процестерді автоматтандырудың технологиялық деңгейі, оның мүмкіндіктері қазақстандық байланыс операторларының жабдықтары жаңа кодқа қиындықсыз ауысуға мүмкіндік береді, – деді вице-министр.

Министрлік телефон кодын өзгерту кезінде мемлекеттік және жеке құрылымдардың шығындары, телефон нөміріне байланысты төлем қызметтерінің жұмысындағы қиындықтар туралы түсіндірді.

Халықаралық телекоммуникация одағының ұсыныстарына сәйкес (E.164.1) енгізілген сәттен бастап жаңа және ескі кодтар екі жыл бірге қолданылуы мүмкін. Бұл туралы үкіметтік және коммерциялық құрылымдар алдын ала хабардар болады. Осы уақыт ішінде әртүрлі цифрлық қызметтердің иелері жаңа кодқа көшуге байланысты өзгерістерді өз қаражаты есебінен жасайтын мүмкіндік ие болады, – деді Асхат Оразбек.

Еске салайық, бұған дейін халықаралық код Қазақстанда +7-ден +997-ге дейін өзгеруі мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Comments (0)
Add Comment