1 қазан – Қарттар күні және 10 қазан – Халықаралық мүгедектер күніне орай «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Журналистика және филология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қарты бар үй – қазыналы үй» қайырымдылық акциясы өтті.
Қарияларға құрмет көрсетуді мақсат еткен оқытушылар мен студенттер орталықтың қызмет алушыларына арнап дастарқан жайды. Шарада қазыналы қарттардың құрметіне ән-жыр арналды. Өз кезегінде көрсетілген қамқорлыққа разы болған қариялар жастарға ақ батасын берді.
Ал мекеме басшысы Г.Кушанова өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, аға буынды ардақтауға үйретіп жүрген оқу ордасының аға оқытушылары – А.Мұқашева мен А.Иматаеваны алғыс хатпен марапаттады.