Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Ербол Шырақпайұлы жастар саясатының жүзеге асу жайын тілге тиек етті.
– Облыста жастар санатына жататын 355 783 адам бар. Бұл облыс халқының 29,1% құрайды. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8% құрады, уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың (NEET) үлесі – 6,8% .
Осы жылдың 7 айында 15 223 жас белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды (жоспар 20933 адам), «Ауыл аманаты» жобасы аясында 259 жастар 2,5% жеңілдікпен несие алды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін жастардың 362 өкіліне (жұмыссыз және кәсіпкерлікпен кемінде 3 жыл айналысқан) 1 млрд. 810 млн. теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген тәртіппен микрокредиттер беру жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Жасыл ел» еңбек жасағына маусымдық жұмыстарға 2000 жұмыссыз, уақытша жұмыспен қамтылмаған (NEET санаты) жастарды тарту үшін 173,5 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 1312 жас маусымдық жұмыстарға қатысуда, – деді Ербол Шырақпайұлы .