Руслан Шарипов департамент басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысы Дархан Жазықбаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына тағайындалған Руслан Шамелұлы Шарипов тағайындалды.

Шарипов Руслан Шамелұлы Жамбыл облысында 1985 жылғы дүниеге келген.

2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім, 2009 жылы осы университеттің «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласында «Appraiser» Тәуелсіз Бағалау Орталығы» ЖШС Алматы филиалында заңды тұлғалармен жұмыс жасау секторының маманы болып бастағана.   

2007 — 2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында заңгер, заң қызметінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2011 — 2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы – заңгер лауазымында қызмет еткен.

2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жүйесіне келген.

2015 — 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер бөлімінің консультанты, осы бөлімнің басшысы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.    

2016 — 2022 жылдары Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, осы басқарманың басшысы болып қызмет еткен.   

2022 жылдың 14 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін Агенттіктің  Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (14.10.2022 ж.).

turaninfo.kz

Comments (0)
Add Comment