«Ұлыстың қадам басқан ұлы күні»

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандарға Наурыз мерекесі, наурыз көже туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарын көрсету, жас ұрпақтысалт-дәстүрімізді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Зере» әжелер клубының ұйымдастыруымен «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» этносабақ өткізілді.

Этносабаққа «Зере» әжелер клубының мүшелері, кітапхана қызметкерлері және ұлттық құндылығымызды насихаттап жүрген қымыз өндіруші, «Халал әсіп» отбасылық кәсібімен айналысатын кәсіпкер – Базаркүл Қабылханова қатысты. Базаркүл Дыбысәліқызы – сұрақтарға жауап беріп, отбасылық кәсіптері, наурыз көженің жасалу жолы мен оның құрамы туралы айтты.

Іс-шара барысында Наурыз мерекесі, «Наурыз көже», ұлттық тағамдар, сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлері туралы көптеген ақпарат берілді.Сондай-ақ, қазақтың «Бесікке салу», «Қыз ұзату» сынды салт-дәстүрлері көрсетілді. Әжелер ауылдың алты ауызын орындап, кітапхана қызметкері – Нұргүл Сағатбекова «Ай қарагөз» әнін шырқады.

Шара соңында «Наурыз – құт-береке бастауы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Comments (0)
Add Comment