Бүгін «Жасыл желек — жердің көркі» жобасы аясында Желтоқсан көшесіне 80 бозарша, Ы. Сүлейменов көшесіне — 200, Саңырық батыр көшесіне — 685, Мәмбет батыр көшесіне — 220,«Қызылабад» тұрғын алқабына — 15 мың қарағаш, сондай-ақ Қ. Сәтбаев көшесіне — 160 шаған, Кенесары көшесіне — 115 бозарша, «Біз біргеміз» монументінің маңына 70 шынар үйеңкісі отырғызылды.
Бұдан бөлек биыл аталған жоба шеңберінде «Құмшағал»,«Көлтоған» алқаптарындағы 20 гектар жерге 10 мың түп ағаш егілсе, қала ішінде 7 мыңнан аса көшет отырғызылған еді.
Оның ішінде өткен сенбіде Мәмбет батыр көшесінің бойына («Ауыл-Береке» базарынан Бурыл ауылына баратын жолға дейін) 500-ден аса қарағаш егілген болатын.