8 жүлде! Қазақ боксшылары Белградты бір дүркіретті

Сербия астанасы Белградта өткен Бранко Пешичті еске аулға арналған бокстан халықаралық турнирі аяқталды.

Бұл жарыста қазақстандық боксшылар 4 алтын және төрт күміс жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Финалға дейін сегіз қазақстандық боксшы жетіп: төртеуі қарсыластарын жеңді де, төртеуі жеңілді.

Алтын алғандар:

Ернұр Қайрат (48 кг);
Санжар Тәшкенбай (51 кг);
Дәулет Молдашев (54 кг);
Диас Молжігітов (75 кг).

Күміс жүлдегер атанғандар:

Сабыржан Аққалықов (71 кг);
Ерасыл Жәкпеков (80 кг);
Данияр Рахымбердинов (92 кг);
Олжас Боқаев (92 келіден аса).

Финалдағы айқастар мынадай болды:

Ернұр Қайрат – Ради Йоксимович (Сербия) – 5:0;
Санжар Тәшкенбай – Омер Аметович (Сербия) – 5:0;
Дәулет Молдашев – Вербан Габор (Венгрия) – 3:2;
Сабыржан Аққалықов – Сергей Колденков (Ресей) – 2:3;
Диас Молжігітов – Альмир Мемич (Сербия) – 3:2;
Ерасыл Жәкпеков – Габриэль Веочич (Хорватия) – 1:4;
Данияр Рахымбердинов – Рамазан Дадаев (Ресей) – 0:5;
Олжас Боқаев – Владан Бабич (Сербия) – 0:4.

vesti.kz

Comments (0)
Add Comment