8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Инабатты келін» республикалық байқауын өткізу ережесі

«ИНАБАТТЫ КЕЛІН» республикалық байқауы қазақ халқының салт-дәстүрін, отбасы құндылықтарын, келін әдебін насихаттау мақсатында өткізіледі. Байқау республикалық деңгейде ұйымдастырылады. «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ИНАБАТТЫ КЕЛІН» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
• Қазақ келінінің инабаттылығы мен тәрбиесін дәріптеу;
• Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты жаңғырту;
• Жас отбасылар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Міндеттері:
• Келіннің отбасыдағы рөлін таныту;
• Қолөнер, аспаздық, сөз мәдениетін дамыту;
• Үлгілі келін образын қалыптастыру.

Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет. Сонымен қатар, қатысушы төмендегі тақырып бойынша, 3 – 4 минуттық бейнеролик ұсынуы тиіс: «Бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің маңызы».
Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың ақпан айының 16-на дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:
• Арнайы тағайындалған «ИНАБАТТЫ КЕЛІН» атты төсбелгісі;
• Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
• «ИНАБАТТЫ КЕЛІН» статуэткасы;
• ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында, наурыз айында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан орден және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

  • Қатысушының тегі, аты-жөні
  • Облыс, қала, аудан, ауыл атауы
  • Қызмет орны, лауазымы
  • Байқау атауы «ИНАБАТТЫ КЕЛІН»
  • Телефон, ұялы, е-mail.ru
  • Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Comments (0)
Add Comment