Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы және облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Меркі ауданы Меркі ауылында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шыңның жүзі – Шераға» атты атты облыстық студенттер арасында пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Турнир кестеге сәйкес Тараз қа¬ласы мен аудандық колледжермен ЖОО студенттерін жинау арқылы жүргізіліп, 100-ге жуық студент қатысты. Турнир іріктеу турнирлерінен 1/8, 1/4, 1/2, және финалдан тұрды. Байқау пікірсайысшылар арасын¬да танымал «АПФ», «ЛД» формат¬тарында ұйымдастырылды. Турнир 2 лигада өтті.
Альфа лигасының жеңімпаз¬дары:
1 орын – Эделвейс фракциясы
Серикова Аружан,Реймбаева Асель
2 орын – Назарбаев пен Тоқаев фракциясы
Тоқберген Азамат, Тлеумұратов Нұрдәулет
3 орын – Санкция фракциясы
Рахымжанов Төлеби, Мелс Нұрдана
3 орын – Дофамин фракциясы
Амангелді Ұлжан,Қалдыбаева Наргиза
Бетта лигасының жеңімпаздары:
1 орын – Ну, погоди фракциясы
Малик Дильназ, Шырақбаев Бекарыс
2 орын – Көбелектер фракциясы
Ташим Аружан, Жеткерген Асель
3 орын – Winners фракциясы
Момыналы Аяулым, Алкайдарова Инкар
3 орын – потомки Назарбаева и Токаева фракциясы
Узакбаев Садр, Омиргали Айсултан
Ал «Ең үздік спикер» номина¬циясын Реймбаева Асель жеңіп алса, «Үздік спикер» номинаци¬ясының иегері Амангелді Ұлжан атанды. Қалған командалар «Үздік талпыныс», «Ең креативті топ», «Үздік аналитик», «Үздік идея иесі» сынды номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздарға кубоктармен қатар ақшалай сый-лықтар табыс етілді.
Жалпы турнир барысында Қарарлар:
1. «Мүмкіндігі шектеулі азамат¬тардың жұмыс уақытын қысқар¬тып, айлығын азайту ақталады».
2. «ЕО мигранттарға байла- нысты саясаты дұрыс емес».
3. «Ресейді спорттық сайыстар¬дан шеттету ақталмайды».
4. «Отбасыда көп бала болуы керек деген идеяның пайдасынан зияны көп».
5. «Қарттар үйі мен балалар үйін қосу ақталмайды».
6. «БҰҰ ретінде дамымаған елдердің білімін дамытуға ғана көмек беру керек» деген секілді тақырыптар талқылап, өз арала¬рында пікір алмасты. Ал, оқушы¬лар арасында нағыз жеңімпаз¬дарды анықтау үшін турнирді толығымен біліктілігі жоғары «Төрешілік оқыту» курсынан өт¬кен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.
Осылайша, дәл қазіргідей болашақта да оқушылар мен студенттерді кез-келген салада дамыту мақсатына бағытталған жастардың ұсынған әрбір тың идеялары мен жобалары Жастар басқармасының тарапынан қолдау таба бермек.
Жасұлан ПЕРНЕҚҰЛ, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының Президенті