NIS оқушылары арасында волейболдан дәстүрлі желілік спартакиада бастауалды. Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектепте өтіп жатқан аймақтық кезеңге Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз жәнеТүркістан қаласынан 100-ге жуық волейболшы жиналып, жүлделі орыналу үшін бақ сынауда.
Спорттық шараның ашылу салтанатында командалар шеруге шығып, көрермендердің ерекше құрметі мен қолдауына бөленді. Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен екі команда қатысуда, қыздар және ұлдар командасы.
Алғашқы құттықтау сөз Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ спартакиаданың мақсат-міндеттеріне тоқталды:
– Бүгін еліміздің төрт өңірінде – Өскемен, Астана, Атырау және Қызылордада волейбол ойынының аймақтық кезеңдері өтіп жатыр. Тартысқа толы қызық дода болатынына сенемін. Осы үш күнде мектептер арасында байланыс нығая түсіп, оқушылардың достық қарым-қатынасы артады деп ойлаймын.
Қызылордадағы Зияткерлік мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов пен сайыстың бас төрешісі Абай Дауытов жас спортшыларға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
Айта кету керек, бұл спорттық бәйге қарашаның 2-сіне дейін жалғасады. Волейболшылар өзарасынға түсіп, жеңіске жеткен команда желтоқсан айында өтеті нақтық кезеңге жолдама алады.