№7 сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Жұбандықова Назима Норманбекқызы

Құрметті сайлаушылар!

Мен жергілікті жамбылдық ретінде облыс халқының мүдделерін қорғауға және адамдардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған кезде әділдікке қол жеткізуге көмектесуге дайынмын. Мен қала тұрғындары мен облыстың шалғай аймақтарының тұрғындарында жиі кездесетін мәселелерді білемін, сондықтан мен жиі еленбей қалатын мәселелерді шешкім келеді.

Біздің үнімізді есту үшін жұмыс істейтін боламыз!

Көлеңкеде қалған сұрақтардың жауабын алар кез келді!

Егер мен депутат болсам, өзімнің бағдарламамды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді салатын боламын!
Менің бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Әділетті Қазақстан құру: ҚР Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын алға тарту, сыбайлас жемқорлыққа апаратын себептер мен жағдайларды жою;
– Қала тазалығы: Тараз қаласы мен облыста қоқыс мәселесі әлі де өзекті. Қыста көшелерді қардан аз тазалайды, әрине, осы себептен де халық жинау техникасы жұмысының сапасын бақылай алмайды;
– Тарифтерді бақылау: біз тарифтердің өсуіне қарсымыз, өйткені біз ол бағаға лайықты сапа ала алмаймыз. Бірінші кезекте, коммуналдық қызметтер бойынша бағаларды қалыптастырумен жұмыс істейміз;
– Қала мен облыстағы құрылыс мәселелерін шешу: аймақ белсенді түрде салынуда, бірақ жаңа үйлерге шағымдар тоқтар емес: коммуникациялар бұрынғыдай ескі және өздеріне қажет болғаннан қарағанда әлдеқайда көп жүктеме алады;
– Көлік және логистика мәселелерін шешу: аймақтың белсенді дамуын ескере отырып, жаңа автобус маршруттары пайда болуын қолға алу керек немесе бұрыннан бар маршруттарды жаңарту қолға алынуы керек еді. Бірақ мұндай өзгерістер байқалмайды, себебі жұмыс жасалып жатқан жоқ.
– Әр отбасыға қатысты мәселелерді шешу: балалар ойын алаңдарының сапасыздығы, «Art-Sport» жүйесі бойынша тегін үйірмелердің жетіспеушілігі, мүгедек балалардың сұрақтары.

Өмірбаян

Мен Назима Норманбекқызы Жұбандықова 1987 жылы 8 маусымда дүниеге келдім.
2005-2009 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығын тәмамдағанмын. 2012-2014 жылдар аралығында Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алдым. Қазіргі таңда тұрмыс құрғанмын. Жолдасыммен 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмыз.
14 жылдық жұмыс тәжірибемде әр салада қызмет еттім. 3 жыл «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисін басқардым. Қазір «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиал жетекшісімін. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысамын. Өмірде кездесетін түрлі жағдайда халықтың мүддесін қорғап және өңір тұрғындарына заң тарапынан тегін көмек көрсетемін. Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың бостандықтарын, құқықтарын қорғау, жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік құрылымымен байланыс жөніндегі комиссия төрайымы. ҚР Журналистер одағының мүшесімін.

Неге мен саясатқа бармақшымын?

Мен өз бағымды Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына сынап көрмекшімін. Сайлауалды бағдарламам біздің өңірдің ерекше тұстарына арналған. Мен жергілікті тұрғын ретінде облыс халқының мүдделерін қорғап, олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған сәтте әділдікке қол жеткізуге көмектесемін. Қала тұрғындары мен облыстың шалғай өңірлерінің тұрғындарында кездесетін проблемалармен таныспын және мен де тұрғындардың өздері сияқты әлі де ашық және бейжай қалған мәселелерді шешкім келеді. Біз мұны бірге жасай алатынымызға сенемін. Менің міндетім – жамбылдықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, осы бойынша шаралар ұйымдастыру.
Мен қоғамдық-саяси өмірде тәжірибесі бар маманмын. Сондықтан адамдардан ештеңе жасырылмауы үшін халыққа тікелей қатысы бар процестердің ашық болғанын қалаймын. Халық біздің үнімізді естіп, сеніммен тыңдайтындай дәрежеге жетуімізді дұрыс деп санаймын. Себебі барлық мемлекеттік қызметшілер – халықтың қызметшілері екенін ұмытпау керек.
Мен алдыма қойған міндеттерді орындауға дайынмын. Сонымен қатар Тараз қаласы және біздің облыстың тұрғындарының ертеңін ойлар халықтан қолдау күтемін. 7-ші сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының кандидаты ретінде ұсынамын.

Тапсырыс беруші: №7 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ЖҰБАНДЫҚОВА Н.Н.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Comments (0)
Add Comment