Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық дамуын өрге тартады.
Бүгінде экономиканың қай саласын да инвестиция тарту арқылы дамытуға болатынын уақыт көрсетіп отыр.
Осы мақсатта Жамбыл облысында индустриалды-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жалпы сомасы 56,6 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобаларды іске асыру барысында 758 жаңа жұмыс орны құрылады.