63 жастағы шымкенттік зейнеткерге 63 рет алаяқтық жасады деген айып тағылды деп хабарлады turkystan.kz Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкентте «Мемлекеттік бағдарлама бойынша аз уақыттың ішінде кезексіз пәтер алып беремін» деп халықты алдап келген күдікті 63 жастағы зейнеткер болып шықты. Тергеу барысында қолға түскен күдіктінің осы тектес 63 жайтқа қатысы бар екендігі анықталған. Сонымен қатар ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сотты болған.
«Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізді. Танысы «Шымкент қаласынан кезексіз пәтер алып беремін» деп, 2 000 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғанын айтты. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – делінген хабарламада.