6-сынып оқушыларының назарына!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.
Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады (trz.nis.edu.kz). Құжаттарды қабылдау келесі мекенжайлар бойынша жүргізіледі:
Тараз ФМБ, «Арай» массиві, Домалақ ана көшесі, 266.
Байланыс: 8 (7262) 99-98-56, 8 775 643 71 19
Құжат 2022 жылдың 21 ақпанына дейін қабылданады.

Comments (0)
Add Comment