Таразда ала доп аламаны басталды

Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында Балалар жылына орай және Т.Арзымбетовты еске алуға арналған футболдан 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир түндігін түрді. Балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыруды мақсат еткен жарыста Тараз және Шымкент қалаларынан келген 8 команда бақ сынауда.

Тамыз айының 2 күні аяқталатын турнирдің қорытындысы бойынша үздік шыққандар арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен марапатталады.

Comments (0)
Add Comment