560 млн теңгелік алтынды елге заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды

Елорданың халықаралық әуежайында Стамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымды әкелмек болған адам ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.  

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді. Олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген.

Декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, — дейді ҚМА баспасөз қызметіндегілер.

Comments (0)
Add Comment