«Ортақ Отанымыз араздасудан аулақ болсын!»

Леля Узденова,
«Қарашай-балқарлар» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Архыз» облыстық филиалының төрайымы:

– Қазақстан халқының бірлігі күні – көпэтносты халқымыз үшін ерекше қымбат мереке. Бұл – бейбіт өмір үшін қажет достық, түсіністік және келісім мерекесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Берік бірліктің арқасында біз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасадық», – деп атап өтті. Достық – бұл әрқашан бағаланып, қорғалуы керек маңызды қасиет. Тек бірге ғана біз жаңа Қазақстанды құрып, ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Адамдар біртұтас болса, күш те мығым!
«Қарашай-балқарлар» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Архыз» облыстық филиалы барша қазақстандықтарға денсаулық, бақыт және табыс тілейді. Өмірлеріңіз жарқын және шуақты болсын! Ортақ үйіміз Қазақстан араздасудан аулақ ел болсын!

Comments (0)
Add Comment