№5 сайлау округі бойынша Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Досаев Тұрсынбек Зікірбайұлы

Мен, Досаев Тұрсынбек Зікірбайұлы, 1965 жылы Жамбыл облысы, Жақсылық ауылында дүниеге келдім.

1973 жылы мектеп табалдырығын аттадым.1983 жылы бітірдім. 1984-1986 жылдараралығында отан борышымды атқарып келдім.1986-1989 жылдар аралығында РМЗ-да жұмыс істедім.1989-1993 жылы аралығын Луговой Зоовет техникумын бітірдім.1993-1997 жылдар аралығында Ленин колхозында Веттехник болып жұмыс істедім. 1997-2006 жылдарда «Жақсылық-К» ЖШС ұжымында агроном болып жұмыс атқардым. 2006-2010 жыларалығында «Жақсылық-К» ЖШС ұжымының төрағасы болдым. 2010 жылы «Жақсылық» шаруа қожалығын құрдым.

Қазіргі күнге дейін «Жақсылық» шаруа қожалығын басқарып келемін.

Отбасы жағдайым: үйленгенмін, әйелім, 6-балам бар.

№5 Сайлау округінен аудандық мәслихатқадепутатыққа кандидат Досаев Тұрсынбек Зікірбайұлының сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Егер де мен күні ертең депутат болып сайлана қалсам, осы өңірдегі келесі мәселелерді шешуге белсене атсалысамын:

  1. Жақысылық ауылында инфрақұрылым жоспарланбаған, ауылдың даму жоспары жоқ, халық игілігі үшін салынатын мәдениет үйіне, спорт қалашығына жер жоқ, себебі белгілі инфрақұрылым жоқ.
  2. Жақсылық ауылында салынып қойылған он үйдің қожайындары өз үйлерін рәсімдей алмай отыр, себебі: шаруа қожалықтарының жеріне еніп кеткен.
  3. Әрбір үш жыл сайын ауыл тілсіз жау сел астында қалуда, ондаған үй зардап шегіп азаптануда. Бұл азаптан құтылудың жолы қаржы керек, үлкен дренажный каналдар қазу.

Мен азамат ретінде осы мәселені шешуге назар аударамын. Жалпы жүру бойынша Құлан ауылының батыс бөлігінде, Ертіс көшесінің шығыс жағында мүлдем электр жарығы жүргізілмеген, сонымен қатар Сейфуллин, Сұлутөр, Уколов көшелерінде жарық шамдары толық жанбайды. Жазды күндері Уколов көшесіндегі екі қабатты үйлерге су жетпейді, водазабор ескі, су құбырлары тозған. Осы төңіректе РМЗ-да тұратын жанұялардың балалары үшін ойын алаңдары жоқ. Бала – біздің болашағымыз, байлығымыз сол болашаққа жағдай жасауымыз қажет. Сонымен қатар балалардың өмір қауіпсіздігін, оларға ыстық тамақтың сапасын, аз қамтамасыз етілген жанұялардың балаларының қамтуын басты назарда ұстаймын. Мектептің (Қ.Сұлтанбеков) күрделі жөндеуден сапалы өтуін қадағалаймын, сонымен бірге бос тұрған амбулатория ғимаратын музыкалық мектептің бөлімшесін аштыруға әрекет жасаймын. Жоғарыда айтылған күрмеуі шешілмей тұрған мәселелерді, мен өз назарыма алып, іс-әрекет жасаймын.

Comments (0)
Add Comment