Ақтауда түн қалай өтті?

Бүгін түнде Ақтау қаласында түн тыныш өтті.

Бейбіт шеруге шыққан азаматтар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыстар болған жоқ. «Ынтымақ» алаңына мыңдаған адам жиналып, патриоттық әндер шырқады. Ал таңғы 4-тер шамасында қалың бұқара тарқай бастады. Дәл қазір алаңда 70-80 шақты адам ғана бар. Олар осы жерде тігілген шатырлар мен киіз үйлерге орналасып алған. Бүгін түнгі 01:30-да Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланып, ол қаңтардың 19-ына дейін жалғасатынын айтып кету керек. Есесіне коменданттық сағат та енгізіледі. Ол кешкі 11-ден таңғы жетіге дейін созылмақ.

24.kz

Comments (0)
Add Comment