4 ай бұрын Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттің денесі табылды

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі студенттің бірінің денесі табылды. Екіншісінің денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде бір адамның мәйітін тапты. Табылған мүрде суға кеткен екі студенттің қайсысы екенін анықтау үшін сараптама жүргізуге полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

 

Екінші студентті іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы мен 1 жүзу құралы, облыстың 7 құтқарушысы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылған, — деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Еске салсақ, 26 маусым күні сағат 20.10-дар шамасында құтқарушыларға Төлеби ауданының Ханарық ауылынан бес шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде екі студенттің суға батып кеткені туралы хабар келіп түскен. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Суға батып кетіп, денесі табылмай жатқандар 2001 жылы дүниеге келгендер.

Comments (0)
Add Comment