Ата-аналардың What’s app мессенджеріндегі чаттарында бірнеше күн бойы мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға «Pfizer» вакцинасы қосылуда» деген хабарлама таралуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“What’s app желісінде дыбыстық хабарлама таратқан белгісіз әйел «Pfizer» вакцинасы балаларға мұрын тамшылары арқылы да енгізілуде деп мәлімдейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, «Pfizer» компаниясы өндіріп отырған «Комирнати» вакцинасының әр құтысы 6 адамға арналған. Және вакциналар медициналық орындарда арнайы мұздатқышта сақталуда. Вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата-аналардың келісімі бойынша иыққа салынады, вакцинаның мұрын тамшылары мен спрей түріндегі баламалары жоқ”, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Атырауда екпені 20 оқушы алған. Күн сайын екпе алуға белсенді оқушылардың саны артып жатыр.