Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің 9-шы қабатынан перзенттерімен секіріп кеткен келіншектің өлім алдындағы хаты жарияланды. Онда әйелдің өмірден шаршағаны, кінәлілердің жағдайды өздері түсінетіні жазылған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Telegram-дағы Krispigram парақшасында жарияланған жазбада қаза болған келіншектің кім екендігі, қайдан келгендігі және не үшін секіргендігі ашық айтылған.
Біз бұл өмірде, бізге берілген сынаққа төзе алмадық. Өмір сүруден шаршадық. Ешкімді кінәламаймыз. Ары қарай өмір сүрудің еш мәні қалмады, бізді кешіріңіздер. Кінәлілер өздерін біледі,
Сонымен қатар, ақпаратта аталған отбасы жайлы толық ақпарат бар. Қаза болған келіншектің есімі — Қыдырбаева Бақтыгүл Нұрлыбайқызы, 1993 жылдың 2 мамырында дүниеге келген. Күйеуі Оразов Нұрсұлтан Бауыржанұлы 1991 жылдың 20 қарашасында туған. Ол Алматыға Түркістан облысынан келген.
Көз жұмған перзенттерінің аты-жөні:
Бауыржан Кәусар Нұрсұлтанқызы — 21.03.2015 ж.
Бауыржан Көркем Нұрсұлтанқызы — 12.04.2016 ж.
Бауыржан Тәуекел Нұрсұлтанұлы — 28.12.2019 ж.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін үш бірдей кішкентай баласымен 28 жастағы келіншектің 9-шы қабаттан секіріп кеткендігін жазған болатынбыз.
Кейіннен оқина орнында көршілері жағдайдың қалай болғанын, олардың қандай отбасы екенін айтып берді.
Қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.