Ақмола облысының Щучинск қаласында 35 жастағы ер адам өзінің 49 жастағы әйелін ұрып өлтірген. Куәгерлер олардың арасында жанжал болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«20 шілдеде таңғы сағат 9:00-де Бурабай құқық қорғау органына Щучинск қаласының тұрғыны қоңырау шалып, бірге тұратын азаматшаның өзі тұратын жалдамалы пәтерде қайтыс болғанын жеткізген. Оқиға орнына дереу жеткен прокуратура мен полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамның пәтерінен оның 49 жастағы әйелінің мәйітін тапты», – деді полиция.
Алдын ала тергеу барысында әйелдің өліміне сол үйдің азаматының қатысы бар екендігі туралы бұлтартпас дәлелдер жинақталды.
«Куәгерлердің айтуы бойынша, қайғылы оқиғаның алдында марқұм мен шабуыл жасаған адам арасында жанжал болған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлімге бас миының ісінуімен қан құйылу түріндегі жабық бассүйек-ми жарақаты себеп болған. Аталған факті бойынша полиция бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп қорытындылады полицейлер.