Ақтауда асхана жарылып, 11 автокөлік жарамсыз болып қалды. Жарылыс кезінде ғимаратта адам болмаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сурет: www.instagram.com/azamat_sarsenbayev
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің таратқан мәліметтеріне сенсек, жарылыс сағат 22:25 шамасында орын алған.
«Сағат 22:25-те Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтау қаласы, №29 «а» шағын аудан мекенжайы бойынша жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгісіз жағдайда болған жарылыс салдарынан құрылыс түгел қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – деді ТЖД өкілдері.
Асхана иесінің айтуынша, ол сағат кешкі 18:00-да нысанды жауып шыққан. Абырой болғанда, жарылыстан зардап шеккендер жоқ.
Жарылыстың алдын ала себебі газ-ауа қоспасының ағуынан болуы мүмкін. Қазірдің өзінде оқиға орнынан екі газ баллоны шығарылды.
Сурет: www.instagram.com/azamat_sarsenbayev
Жарылыс болған екі қабатты ғимараттың ішінде асхана, техникалық қызмет көрсету станциясы, тігін цехы және қойма орналасқан.