Жақында ғана өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан Атырау облысының тумасы Заида мен жолдасы әлі де оқырман назарында. Көпшілік олардың күнделікті өмір салты мен тіл үйренуге деген талпыныстарын бақылап отырады. Ал жас келін африкалық күйеуіне қазақ тілін үйретіп жүр.
Заида өзге ұлтқа тұрмысқа шыққанда өз тіліңді ұмыттың деп сөккендер көп. Алайда Атырау облысының тумасы Заида елдің пікірімен санаспайды. Ол өз жүрек қалауына ерік бергенін бірнеше рет ескертті.
Заида жолдасына “көлеңке”, “қолтық”, “тырнақ”, “жапырақ”, “кітап” деген сөздердің айтылуын үйретіп, оның не мағына білдіретінін айтып жатыр.
“Қысқасы, басында 10 сөз, дәлірек айтсақ, 5 сөз, 5 сөйлем болды, бірақ видео созылып кетті. Мен 5 сөйлемді қиып алдым. Тез арада қазақы сөздерді ойлап таба алмадым. Егер сізге бұл формат ұнаса және жалғасын түсіргенімізді қаласаңыз, тағы қандай сөздерді қолдану керектігін айтыңыз”, – деп жазды Заида.
“Сөйте-сөйте қазақша сөйлеп кетеді”, “Қазақ тіліне деген ниеті бар екен”, “Жарайсың, үш тілде де еркін сөйлейді екенсің”, “Бір себеппен үйреніп жүрген шығар, амал жоқ”, “Қазақтың тілін үйренгісі келетіндер көп”, “Шетелдіктердің өзі үйреніп жатыр, қазақтар қашан үйренеді?” деп жазды желідегі оқырмандар.
Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тумасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты. Нигерия азаматымен бас қосып, дүркіретіп ұзату тойын өткізді. Желіде ерекше жұптың тойдағы видео, фотосы таралып талқыға түсті.