Талас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы тағайындалды

Махсат Рысбаев Талас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды, – бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рысбаев Махсат Сабыргалиұлы, 12.04.1987 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңтану бакалавры, 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы бакалавры бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009 жылы Талас ауданы әкімінің аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2012-2016 жылдары Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің Бюджеттің орындалуын уйлестіру және мониторингін жасау, коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы. 2016-2020 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 20.03.2020-04.10.2020 жыл аралығында Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы.
05.10.2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қаратау қаласы әкімінің қызметін атқарған.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасында 3 бала тәрбиелеуде.
Comments (0)
Add Comment