Пермь маңындағы мектепте оқушы тағы да атыс шығарды

Пермь өлкесіндегі мектептердің бірінде оқушы атывс шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының мәліметінше, 12 жастағы оқушы «Сайга» аңшы мылтығынан оқ атқан. Білім алушы сыныптың төбесін нысанаға алған.

Ызалы жасөспірімді өз кабинетіне шақырған мектеп директоры сабасына түсірген. Оқиға таңертең сабақ басталар алдында болған.

Қазіргі уақытта оқушы қолға түсіп, оның әрекетінің себебі анықталуда және жасөспірімнің қаруды қайдан алғандығын тексеруде.

Ресей Ішкі істер министрлігінің Пермь аймағы бойынша басқармасы оқиғаның Сарс ауылындағы мектепте болғандығын растады.

Ресми ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған болатын.

Comments (0)
Add Comment