3 жасар баланы құтқарған жігіттің ата-анасына құрмет көрсетілді

8-қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына да құрмет көрсетілді деп хабарлады turkystan.kz.

Оның әке-шешесі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында тұрады. Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерболат Серманов Аққұм ауылына арнайы барды. Олар батыр жігіттің әкесі Серік Сабырұлы мен анасы Гүлбаршын Пірімбетоваға алғыс айтып, осындай ержүрек азаматты тәрбиелеп өсіргені үшін аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Comments (0)
Add Comment