3 қалада ауа сапасы нашарлайды

23 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбіде атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Comments (0)
Add Comment