3,8 млрд. теңгеге 31 жоба әзірленген

Сарысу ауданының орталығы – Жаңатас қаласы жыл өткен сайын жаңарып, өркендеп келе жатқанын жалпақ жұрт жақсы біледі. Аудан орталығында, әсіресе, құрылыс саласы қарқын алып, салынған нысандар саны еселеп артуда. Мәселен құрылыс саласында биылдыққа 3,8 млрд. теңгеге жалпы 31 жоба әзірленген. Оның ішінде, 21 жоба (226,2 млн. тг.) қолдау тауып, құрылыс жұмыстары басталуда. Жаңатас қаласы бойынша (жалпы құны 4.3 млрд. тг. құрайтын) 6 инвестициялық жобалар (жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен) нақтылауда тұр.

Олар:

– Жаңатас қаласынан «Жастар» спорттық-сауықтыру кешені құрылысын салу – 858,0 млн. тенге (ОБ);

– Жаңатас қаласында  80 пәтерлі көпқабатты 2 үйдің (6 мкр. №17 – 939,1; №18 – 954,3) құрылысы – 1893,4 млн.теңге (РБ);

– Аудандық ауруханың құрылысы – 1596,6 млн.теңге (РБ);

Бұдан бөлек, ауданда кәсіпкерлік саласы да қарыштап дамып келеді. Жалпы, бүгінде 1953 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп тұр, өткен жылмен салыстырғанда 285 бірлікке (117,1%) артты. (2024 жылы 1668).  Бұл кәсіпкерлік субъектілері 2984 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

330 кәсіпкер өз кәсіптерін дамытуға микроқаржылық ұйымнан 350 млн. теңге көлемінде несиелік қаражат алды.

Өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында бюджетке түсетін салық түсімдері де ұлғаюда. Ағымдағы жылдың 5 айымен бюджет кірісі 189,4 млн теңгені құрап, көрсеткіш 121%- ға артты. Салықтық түсімдер:  (179 510,0 мың тг) оның ішінде:

-101202 – Төлем көзінен төленуге жатпайтын жеке табыс салығы: 101 188 мың тг

-104102 – Жеке тұлғалардың мүлік салығы: 509,0 мың тг

-104302 – Жер салығы: 3 158,0 мың тг

-104401 – Заңды тұлғалардың көлік салығы: 887,3 мың тг

-104402 – Жеке тұлғалардың көлік салығы: 71 476,4 мың тг

-105315 – жерді пайдаланғаны үшін төлем: 2 135,5 мың тг

-105430 – Реклама:157,4 мың тг

Салықтық емес түсімдер: (9 799,0 мың тг) оның ішінде

-201510 – коммуналдық мүліктерді жалға беру: 562,0 мың тг

-303101 – Жер учаскелерін сатудан түскен төлемдер: 9 237,0 мың тг

Барлығы: 189,4 млн тг.

Comments (0)
Add Comment