Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 2021 жылғы наурыз-сәуір айларында өзге этнос өкілдері тығыз орналасқан 7 ауданда жүзеге асырылған «Бейбітшілік пен келісім» тұжырымдамасының Жол картасындағы атқарылған жұмыстар мен қала және аудандардағы қоғамдық келісімді зерделеу үшін, сонымен қатар ішкі саясат бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізу мақсатында Сарысу ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ҚХА облыстық хатшылығы, этносаралық мәселелер жөніндегі бөлімнің басшысы Рысдәулет Құдайберген жұмыс сапарымен болды,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Жұмыс күнін аудандық «Қоғамдық келісім» орталығында этнос жетекшілермен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте қазақстан халқына жолдаған ‘Халық бірлігі және реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауындағы айтылған міндет-межелер түсіндірілді.
Сонымен қатар, өзге этнос өкілдері тығыз орналасқан Арыстанды ауылында карантин талаптарын сақтай отырып, этнос жетекшілері өзге ұлт өкілдері және тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде ауыл тұрғындарының талап міндеттері тыңдалды.