275 жұмысшы мен 40-қа жуық техника қар тазалауға жұмылдырылды

Қала аумағында қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Қазіргі таңда 40-қа жуық арнайы техника жолдарды қардан аршып, көпір үстіндегі жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құм-тұз қоспасын себуде.

Сонымен қатар 275 жұмысшы арнайы техникалармен бірлесіп, жолаушылар қауіпсіздігі үшін аялдамалар маңы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Comments (0)
Add Comment