Індеттің емі–екпе

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында еліміздің дамуына қатысты аса маңызды мәселелерге тоқталды. Әлем бойынша барша адамзаттың басына түсіп отырған пандемияның әсерінен халқымыз экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және рухани қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан біз өз мақсаттарымызды айқын белгілеп, соның жолында нақты қызметтер атқарып жатқанымызды атап көрсетті,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде осындай қиын кезеңнен аман-есен өтіп, жарқын болашаққа нық қадамдар жасап жатырмыз. Мәселен, бір ғана әлемдік індетке қарсы күресте Қазақстан озық елдермен бәсекеге түсе отырып, «Qazvak» вакцинасының сынақ мерзімінен нәтижелі жетістікке жеткенінің арқасында елімізді ауыр дерттен аман сақтап қалудың әрекетін жасап отырмыз. Барша халықтың денсаулығы, олардың амандығы — мемлекеттің маңызды мәселесі.

Мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екені белгілі. Дені сау ұрпақ өсіріп, оны біліммен қаруландыра отырып, мемлекеттің дамуын дұрыс жолға қою, өркениетке ілесу — біздің қасиетті борышымыз. Мемлекет басшысы осы тұрғыда денсаулық пен білім саласына ерекше көңіл бөліп, ұстаздар мен дәрігерлерге мейлінше қолдау көрсетіп, ғылымның дамуына айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Қ.Тоқаев жетекші ғалымдарымызға лайықты жағдай жасаудың нақты жоспарларын ұсынды.

Жалпы, биылғы Жолдауда мемлекет басшысы елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдерін белсенді болуға шақырды. Халықтық, елдік мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытып, ел дамуына адал қызмет етуде рухани күш берді. Бұл Жолдауда Президент Қ.Тоқаев халыққа тың серпін, жақсы рухани қолдау болды.

Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және қанымызға тән қайсар мінезімізбен мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенеміз! Мемлекет басшысын қолдаймыз!

С.Аппазов, Сарысу аудандық Алқа билер кеңесінің төрағасы

Comments (0)
Add Comment