Батыс Қазақстанда әйелді жүк пойызы қағып кетті, – деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында 26 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетті.
Оқыс оқиға Бөрлі ауданы аумағында болған. Облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, пойыздардың жүру кестесінде өзгеріс болған жоқ.
Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Факт бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін вокзалда күйіп қалған қыз туралы жазған болатынбыз.