24 жыл бұрын Омбыда апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген күдікті Қазақстанда ұсталды

Полицейлер көрші Ресейде апалы-сіңлілі қыздарды өлтіріп, 24 жыл бойы жасырынып жүрген күдіктіні Павлодарда ұстады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкері Гүлстан Батталова 24 жыл бойы жасырынып жүрген күдіктіні анықтады.

Ол Ресейде апалы-сіңлілі екі қызды өлтірді деген 54 жастағы күдіктінің қылмысын азаматтықты анықтау құжатын тексергенде анықтаған.

Күдікті 1997 жылы наурызда Омбыда шолақ мылтықпен 25 жастағы қыздың басынан атып, кейін оның 22 жастағы сіңлісін пышақтаған.

Екі қыз оқиға орнында қаза тапқан.

Күдікті қылмысты мас күйінде жасаған. Оған мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Омбы облысы бойынша Ресей ІІМ-не хабарлама жіберілді.

Comments (0)
Add Comment