№24 бір мандаттық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Равилов Ренат Рашидулы

Құрметті сайлаушылар!

Еліміздің үлкен өзгерістер мен жаңаруларға қадам басқанын биылғы барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауынан байқап отырмыз. Әсіресе осы жолғы сайлаудың өзгелерден айырмашылығын бір мандаттық сайлау тәртібіне келгенімізден көруге болады.
Енді әр азамат өз білімі мен біліктілігіне, іскерлігіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Азаматтар елдің өміріне араласып, қызметтік және әлеуметтік өрлеуге тең мүмкіндік алуы керек. Саяси өзгерістер еліне адал, қолынан іс келетін, ақыл-ойы ұшқыр әрбір азаматтың жолын ашу үшін қолға алынған деп ойлаймын.
Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімді үміткер ретінде ұсынып, сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадым.

Өмірбаян

Мен, Равилов Ренат Рашидулы, қаламыздың жарқын болашағы үшін Тараз қаласының тұрғыны ретінде №24 бір мандаттық сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде ұсынылдым.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегімін. Еңбек жолын «Табыс Жоба» ЖШС-інде бас жобалау- шы-инженер болып бастап, қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайт- қыштар зауытының инженер-конструкторы болып жұмыс істеудемін.
Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырмын.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы

Тараз қаласы мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсына отырып, ел алдында, оның ішінде өзім сайлауға түсетін округ тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Осындай аса жауапты қадам жасай отырып, сайлаушыларымнан қолдау тапқан жағдайда, мен депутат ретінде өз өкілеттігім шегінде олардың мүдделерін білдіру және қорғау, әрбір адамды болашаққа жетелейтін үлкен сенім мен үміттің өзегі болатын әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлардың тең болуы, азаматтардың құқығының қорғалуы, отбасы институттары мен жастар тәрбиесі сияқты өзім қақ ортасында жүрген қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне белсене қатысу үшін өз сайлауалды бағдарламамды ұсынып отырмын:

1. «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жолдың барлық түрлерін абаттандыруға және көшелерді жарықтандыруға жәрдемдесу;
2. «Қаратау» ықшамауданын абаттандыруға көмек көрсету (футбол жане балалар ойын алаңдарын салуға ықпал ету);

3. «Салтанат» ықшамауданында жаңа жұмыс орындарын құруға және ұлттық мәдениетті дамытуға белсенді түрде қатысу;

4. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, шағын жане орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу;

5. Халыктың аз қамтылған топтарын, көпбалалы аз камтылған отбасыларды, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысу.

Құрметті қала тұрғындары!

Мен осы сайлауалды бағдарламамды жүзеге асырып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу үшін сайлауға түстім. Маған қолдау білдіріп, сайлау күні дұрыс шешім қабылдайсыздар деп сенемін!

Comments (0)
Add Comment