Астанада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарлануда, оған аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді. Президент тапсырмаларын орындау аясында саланың инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде: Сенатта жер қойнауы туралы кодекске цифрлық жер қойнауын пайдалануды және электрондық аукциондарды енгізуді көздейтін түзетулер қаралуда.
«Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-министр.