2023 жылғы 29 қазанда өткен Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 29 қазанда өткен Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 29 қазанда №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихаты депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 9 210 азамат енгізілді. Дауыс беруге 2 299 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 17 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Кандидат Бердалиев Мурат Азимханович үшін сайлаушылардың 1 511 дауысы берілді;
Кандидат Мирхадиров Ринат Мирзагалимович үшін сайлаушылардың 420 дауысы берілді;
Кандидат Ташметов Рустам Ахметжанович үшін сайлаушылардың 202 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 109.
Сайлау қорытындысымен №22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып Бердалиев Мурат Азимханович сайланды. М.А.Бердалиев 1964 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ директоры.

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Comments (0)
Add Comment