«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104-бабы 6-1 тармағының 1-тармақшасына сәйкес, бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының шешімдерімен ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА төмендегідей кандидаттардың тіркелгені жөнінде хабарлайды:
№1 сайлау округі бойынша:
1. Толымбекова Ания Абдикадировна, 1967 жылы туған, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, қазақ, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
2. Васильева Оксана Викторовна, 1983 жылы туған, «QazCompass» ЖК басшысы, Тараз қаласының тұрғыны, украин, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№4 сайлау округі бойынша:
1. Дауренбеков Ержан Каханович, 1982 жылы туған, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы, қазақ, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.
№5 сайлау округі бойынша:
1. Койлыбаева Эльмира Сериковна, 1970 жылы туған, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «АМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
2. Саурыкова Малика Хажмухановна, 1984 жылы туған, «Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің бөлім бастығы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№6 сайлау округі бойынша:
1. Каркымбаев Гани Толегенович, 1971 жылы туған, «Жоғарғы спорт шеберлігі» мектебі» КММ директорының орынбасары, қазақ, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
2. Салыбекова Гаухар Бектурсыновна, 1971 жылы туған, Балалар бейнелеу өнері мектебінің директоры, қазақ, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
3. Әбубәкіров Елқонды Шакизиндаұлы, 1972 жылы туған, «Әбубәкіров» ЖК директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
4. Абдраимова Ботагоз Дусенбековна, 1986 жылы туған, «Asyl-Qazyna» балабақшасының директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.