2022 жылдан бастап Sputnik V салдырған азаматтар Меккеге қажылыққа бара алады

Сауд Арабиясы 2022 жылдан бастап «Sputnik V» вакцинасын салғызған шетелдік азаматтарға елге кіруге рұқсат бермек, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сауд Арабиясы Sputnik V вакцинасын салғызғандар бара алатын 102 елдің қатарында», – делінген хабарламада.

Елге кірген кезде «Спутник V» вакцинасын алған адамдар 48 сағаттық карантиннен өтіп, ПТР-сынамадан өтуі керектігі айтылған.

«Sputnik V» вакцинасы салғызғандар Мекке мен Медина қалаларындағы исламның қасиетті жерлеріне қажылық жасай алады. Бұл шешім елге келетін туристердің санын арттыруға бағытталан.

Comments (0)
Add Comment