2022 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегерлері белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.

1. Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;

3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім, нені сезесің?» концерті үшін;

4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;

5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;

6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;

7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.

Comments (0)
Add Comment