«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Әбілқайыровқа жүктелсін.
Қала әкімі Е. Жылқыбаев
Тараз қаласы әкімдігінің
2021 жылғы «21» желтоқсандағы
№6006 қаулысына қосымша
2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар мөлшері
№ |
Ұйымның атауы |
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) |
Белгіленген квота мөлшері | |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар | ||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындары ның саны (бірлік) | |||
Барлығы 10 мекеме | 30 |