2020 жылғы 9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанының мақсаты:

-балаларға қатыгездік пен немқұрайлылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу. Балалардың құқықтары жөнінде, сондай-ақ оларды қорғау қажеттілігі туралы жұртшылықты хабардар ету. Сонымен қатар балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Науқан туралы әлеуметтік желілер мен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында ақпараттар орналастырылып, жүзеге асырылатын іс-шаралардың жұмыс жоспары әзірленді.

Іске асырылу барысында зорлық-зомбылықсыз балалық шақ бағытында оқушылар арасында эссе жазу, «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет салу, бейнеролик түсіруден байқаулар өткізілді. Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» атты кең көлемді ведомствоаралық рейдтік шаралары науқан барысында 18-20 қараша күндері жүргізілді. Рейд барысында полиция инспекторы мен мектеп әкімшілігі бақылаудағы оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеп, қажетті көмек түрлерін ұйымдастырды.

Өмірлік қиын жағдайға түскен балалар мен отбасыларға кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарау және зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «қызу желі», ұлттық «111», қалалық 43-44-86 сенім телефондарының қызмет желісі интернет ресурстарына орналастырылды.

Науқанға атсалысқан білім беру ұйымдарының басшылары «Оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау және оқушылар арасында шиеленіс жағдайды болдырмау мәселелері» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен сұхбат, кеңес беру және семинар жұмыстарын ұйымдастырды.

Үстіміздегі жылдың 20 қараша күні «Бала құқықтарын қорғау күні» республикалық науқан барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында Тараз қалалық полиция басқармасының ЮПБ аға инспекторы М.Юсупова мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы А.Мусаеваның қатысуымен «Facebook»-те тікелей эфирде баспасөз конференциясы өткізілді.

Балаларға қатыгездік және немқұрайлылықпен қарау проблемасын шешу, қоғамның назарын бала тәрбиесіне аудару, сонымен қатар балаға қатыгездікпен қарауды болдырмау мақсатында жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Саясат ЕСЕЕВ, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment