«2017 жылы Қазақстаннан көшіп кеткенбіз» – Ресей тұрғынына Өскеменде вакцина алдың деген СМС хабарлама келген

Сайттың мәліметінше, Өскеменде «вакцина» алған отбасының Ресейге көшіп кеткеніне екі жылдай уақыт болған,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Ресей тұрғынына «Өскеменде вакцина алдың» деген СМС хабарлама келген», — деп жазады жергілікті «Yk.kz» сайты.

Сайттың мәліметінше, Өскеменде «вакцина» алған отбасының Ресейге көшіп кеткеніне екі жылдай уақыт болған.

«Жұбайым екеуміз Ресейге 2017 жылы көшіп кеткенбіз, Ресей Федерациясының азаматтығын 2017 жылы наурызда алғанбыз. Өскеменде туыстарымыз бен достарымыз болғандықтан бұрынғы қазақстандық нөмірлерімізді өзгертпеген едік. 2021 жылдың 7 қыркүйегінде жұбайымның ұялы телефонына «сіз вакцинаның бірінші кезеңінен өттіңіз, 28 қыркүйекте екінші кезеңіне шақырыласыз» деген СМС хабарлама келді. Әуелде біз байқаусызда кеткен қателік шығар деп бұған жөнді мән бермеген едік. Алайда 28 қыркүйекте «Сіздер екінші кезеңнен өттіңіздер, вакциналаудың электронды құжаты EGOV mobile қосымшасында қолжетімді» деген СМС хабарлама қайтара келгенде сенбеске амалымыз қалмады» дейді сонау Ресейде жүріп «вакцина» алған бұрынғы өскемендік тұрғынның жұбайы Александр.

Оның айтуынша, олар қаладағы №7 отбасылық дәрігерлік амбулаториясына тіркелген екен.

 

Comments (0)
Add Comment