Өмірбаяным
Мен, Үсенбаев Асан, 1952 жылы 29 мамырда (бұрынғы Көктерек ауданы) Мойынқұм ауданы, Хантау кентінде дүниеге келдім.
Мойынқұм ауданындағы бұрынғы Талдыөзек, қазіргі Қылышбай ауылында 1959 жылы Карл Маркс сегізжылдық мектебінің 1-ші сыныбына барып, 1967 жылы сегізінші сыныпты бітірдім. 1969 жылы 9-10 сыныпты Шу қаласы, С.Сейфуллин орта мектебінде тәмамдадым.
1969 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына оқуға түсіп, 1974 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша аяқтадым.
1974 жылдан Жамбыл облысы «Казсельхозтехника» материалдық-техникалық базасында инженер, аға инженер, сауда бөлімінің бастығы, мекеме бастығының орынбасары қызметін атқардым.
1985 жылдан бастап Жамбыл облысы «Казсельхозтехника» бірлестігі басқармасында техникаларды жөндеу бөлімінің бастығы, өндірістік техника бөлімінің басшысы (ПТО), машина, трактор қосалқы бөлшектері бөлімінің бастығы қызметін атқардым.
1995 жылдан бастап Жамбыл облысы материалдық-техникалық жабдықтау, «Агротехника» базасында мекеме бастығының орынбасары қызметін атқардым.
2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналыстым.
2015 жылы зейнетке шықтым. Сол жылы қоғамдық жұмыс негізінде Тараз қаласындағы № 27 кварталдық комитетінің төрағасы болып сайландым.
2018 жылы Тараз қаласы № 10 округ бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайландым.
2019 жылдан бастап Тараз қаласындағы ардагерлер және билер кеңестерінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыс атқарып жатырмын.
2022 жылдан Тараз қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайландым.
«Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі қоғамдық медиатордың сертификатын алғанмын. «Жамбыл облысының Құрметті ардагері», «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгілерімен, Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен және Тараз қаласы әкімдігінің Құрмет грамотасымен, «Amanat» партиясының 1-ші дәрежелі дипломы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталдым. «Amanat» партиясының мүшесімін.
Жанұялымын, екі ұл, екі қыз өсіріп, олардан 15 немере сүйіп отырмын.
Сайлауалды бағдарламам
1. Тараз қаласы, Абай көшесіндегі теміржолдан өтетін көлік өткелі құрылысын салу;
2. М.Мәметова атындағы №27 мектептің орнына жаңа мектеп салу;
3. Тараз қаласындағы №10 округте жабық спорт комплексін салу;
4. №10 округте мәдениет үйін салу;
5. Жібек жолы көшесі бойында жаяу жүргіншілер жолын салу;
6. Тараз қаласындағы «Тектұрмас» алқабына Талас өзені үстінен жаяу жүргіншілер көпірін салу;
7. Тараз қаласы, «Солнечный» алқабының орталық көшесіне асфальт жолын салуға ықпал етемін.
Тапсырыс беруші: №2 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ҮСЕНБАЕВ А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.