Облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны Тараз қалалық полициясына түнде белгісіз адамның қала ішіндегі көлік жуу орнындағы кабинетте тұрған сейфтің құлыпын бұзып, 40 мың теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткені туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.